Бас жаңалықтар
Елімізде адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сотқа талап қою арызы кеңейтілмек
06 Қазан 2021, 10:23 865

Елімізде адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сотқа талап қою арызы кеңейтілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралды.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметовтың айтуынша, аталған заң жобасы жекелеген заңдарды «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» заң жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.

Заң жобасындағы түзетулер Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сотқа талап қою арызы мен жүгіну өкілеттіліктерін кеңейтуге, адам құқықтары жөніндегі уәкілге қолсұғылмаушылығын қамтамасыз етуге, оның өңірдегі өкіл лауазымын белгілеуге мүмкіндік береді. Заң жобасын қабылдау адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді,-деді ол.

Депутаттардың дауыс беру нәтижесінде аталған қаулы мақұлданды.


Фото: дереккөз
Загрузка...