Елімізде ақпан айында инфляция 0,6% болды

31 Наурыз 2020, 12:11
1286
Бөлісу:
Елімізде ақпан айында инфляция 0,6% болды

Алматы, BAQ.KZ.  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2020 жылғы ақпанда инфляция 0,6% (2019 жылғы ақпанда – 0,3%) болды.  

Жылдық инфляция 6,0% деңгейде қалыптасты (2019 жылғы желтоқсанда – 5,4%) және 4-6% нысаналы дәліздің жоғары шегінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 8,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,4%-ға, ақылы қызмет – 3,2%-ға өсті, - деп хабарлады Ұлттық Банк. 

2020 жылғы ақпанда халықтың пікіртерімі нәтижелері бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 5,2% құраған. 

Сонымен қатар, ақпанда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері, алдын ала деректер бойынша, 1,9%-ға немесе 554,7 млн АҚШ долларына 29,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайған. Алтынды сатып алу бойынша жүргізілген операциялар және оның бағасы әлем нарығында ұлғаюы есебінен халықаралық резервтер өскен. Алтындағы активтің өсуі шетел валютасындағы активтер төмендеуімен ішінара реттелді.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (60 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, алдын ала деректер бойынша, 2020 жылғы ақпанның соңында 89,9 млрд АҚШ доллары болған.
Ақша базасы 2020 жылғы ақпанда 2,0%-ға (жыл басынан бері 7,2%-ға тарылды) кеңейді және 6 395,2 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 347,7 млрд теңгеге дейін 7,4%-ға (жыл басынан бері 1,5%-ға тарылды) кеңейді, - делінген хабарламада.

2020 жылғы ақпанда ақша массасы, 0,4-ға (жыл басынан бері 2,5%-ға) төмендеп, 20 793,9 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 215,1 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға  ұлғайды (жыл басынан бері 3,7%-ға төмендеді).
Өзгелердің жаңалығы