Елімізде 9 жаңа су қоймасы салынады

25 Қазан 2021, 16:59
14441
Бөлісу:
Елімізде 9 жаңа су қоймасы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады. 

Оның айтуынша, ұлттық жобаны жүзеге асыру барысында бірнеше бағытты қамтиды.

Ұлттық жобада суармалы жерлерді 600 мың гектарға ұлғайту бойынша іс-шаралар көзделген. Қосымша суару көздерін құру үшін 2025 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жинақтау көлемі 1,7 шаршы шақырымды құрайтын 9 жаңа су қоймасын салу жоспарлануда, - деп атап өтті Экология министрі.
Сондай-ақ ұлттық жобаны жүзеге асыру көлдердегі судың сапасын жақсартуға, суаруға су беру кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Әрі орманды еліміздің жалпы аумағы 5%-ға дейін ұлғайтылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы шеңберінде 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылатындығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы