Елімізде 800-ден астам адам коронавирусты екінші рет жұқтырған – министр

16 Маусым 2021, 12:55
4023
Бөлісу:
Елімізде 800-ден астам адам коронавирусты екінші рет жұқтырған – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте вакцинациялау жұмыстарының барысын баяндады.

Министр вакцина алудың маңызын айта келе, елімізде коронавируспен екінші рет қайта ауырып жатқандар саны артқанын жеткізді.

Коронавируспен ауырған адам қайта ауырмайды деген дұрыс емес. Еліміз бойынша 800-ден астам адам коронавируспен екінші рет ауырған. Мұндай көрініс әлем елдерінде де көптеп тіркелуде. Сондықтан вакцина алу маңызды, - деді ол.

Оның айтуынша, халықты жаппай вакцинациялау жұмысы жоспарға сәйкес жүріп жатыр және вакцина тапшылығы жоқ.

Қазақстанға вакцинаны жеткізу келісілген кесте бойынша іске асып жатыр. Осы уақытқа дейін вакцинаның 6,2 млн дозасы өңірлерге жеткізілді. Бүгінгі таңда 2 587 884 адам бірінші дозаны алған, бұл халықтың 26 пайызы. Екінші компонентті 1 480 309 адам алған. Ел бойынша 1 миллионнан астам вакцина қалдығы бар. Вакцинаның басым бөлігі Қарағандыдағы зауыттан шығып жатыр. Өңірлерге жеткізу кестесі нақты белгіленген, - деді Цой.

Сонымен қатар ол халықты вакцина алуға насихаттау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. Өңірлік және республикалық БАҚ-та 17 мыңдай мақала жарияланған.

Өзгелердің жаңалығы