Бас жаңалықтар
Біртанов: Елімізде 4 мыңнан астам дәрігер қажет
28 Ақпан 2020, 16:33 87

Біртанов: Елімізде 4 мыңнан астам дәрігер қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Елжан Біртанов дәрігерлердің 21 пайызы жеке секторда жұмыс істейтінін және 4 мыңнан астам дәрігер қажет екенін айтты. 

Дәрігелердің және орта мейірбекелердің саны жеткілікті деп айтуға болады. Басқа дамыған мемлекеттерден түк айырмашылық жоқ. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі медициналық қызметкерлердің саны өте төмен. Жеке секторға дәрігерлердің ауысуы да байқалады. Ол түсінікті де. Қазіргі уақытта дәрігерлердің 21 пайызы жеке секторда жұмыс істейді. Ең маңызды мәселе кадр тапшылығын шешу. Өңірлерде кадр тапшылығы өте жоғары. Елімізде 4 мыңнан астам дәрігер қажет. Дегенмен, медициналық университеттерде қажетті мамандар дайындалып жатыр. Мәселен, биыл 8 мыңға жуық адам медициналық университеттерді бітіреді. Олардың арасында 5 700-ге жуық дәрігер мемлекеттік грант аясында білім алып шығады. Әрине, қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес, бұл дәрігерлер міндетті түрде 3 жылға өңірлерге жіберіледі, - деді Елжан Біртанов.

image-28-02-20-03-12-1.jpeg

Оның айтуынша, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап дәрігелердің жалақысы өскен. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің арқасында қаңтар айынан бастап, дәрігерлердің жалақысы 30, мейірбикелердің жалақысы 20 пайызға көтерілді. Бұл көптен күткен өте маңызды нәтиже саналады. Бір жылдың ішінде 2019 жылдың қаңтарын қоса есептесек дәрігерлерің жалақысы 60 пайызға өскен. Біз бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. 2025 жылға дейін мемлекеттік бағдарлама негізінде жыл сайын медицина саласы қызметкерлерінің жалақысы көтерілетін болады, - дейді министр.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...