Елімізде -33°С аяз болады

18 Қараша 2019, 13:12
2735
Бөлісу:
Елімізде -33°С аяз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 19-21 қараша күндеріне арналған ауа райына болжам жасады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Карск теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына дейін жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға Батыс Сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады, - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының 28…33° аязға дейін төмендеуі болжанады, сондай-ақ, кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты екпінді жел тұрады. Сонымен қатар батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының кей жерлерінде қар, көктайғақ, тұман түседі. Мұнда сондай-ақ, түнде минус 7…15°С-қа дейін, қиыр оңтүстікте минус 3…8°С-қа дейін суытады.



Өзгелердің жаңалығы