Бас жаңалықтар
Елімізде алдағы үш жылда 300 жаңа медициналық нысан ашылады
05 Сәуiр 2019, 22:30 811

Елімізде алдағы үш жылда 300 жаңа медициналық нысан ашылады

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы үш жылдың ішінде еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа 300 денсаулық сақтау нысаны ашылмақ. Сонымен қатар, медицина мамандарының тапшылығы толық шешілмек, сонымен қатар, құрал-жабдықтармен қамту мәселесі күн тәртібінен шешіледі.

Бұл туралы Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Министр алдымен Ақсу ауылдық аймағына қарасты Қалқаман ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда болды. 1,5 жыл бұрын ашылған нысан үш мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді. Бұл мекеменің базасында облыстық жедел жәрдем станциясымен біріктірілген ауылдық пункт те жұмыс істеп тұр.

Кейін Екібастұз қаласындағы екі бірдей емхананы жұмысымен танысып, дәрігерлермен жүздесті. Кеншілер шаһарындағы №1 емхананың бас дәрігері Ғалымжан Әміркеновтың айтуынша, ұйым мамандары 50 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетеді. Бір учаскелік дәрігер 2-3 маманның орнына еңбек етеді. Ал нормативтік құжаттар бойынша бір дәрігерге 1700 сырқаттан келу керек. Бұл жайтқа қатысты министр сын-ескертпе жасады.

«Сын-ескертпелермен келісеміз. Біздің емханада кадр тапшылығы байқалады. Жалпы тәжірибедегі төрт дәрігер қажет. Биыл жас мамандарды еңбекке тартып, көтерме және өзге жеңілдіктермен қамтимыз. Жас мамандарға 200 АЕК көлемінде қолдау көртсепекпіз», - дейді Ғалымжан Әміркенов.

 Елжан Біртанов отандық медицина саласындағы бірнеше мәселені алға тартты.

 «Еліміздің кей аймақтарында сапалы қызмет көрсететін аппаратура жетіспейді. Ол үшін алдағы уақытта қажетті медициналық құрал-жабдықтардың тізімін бекітіп, аудит жүргіземіз. Кейін қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, кадр тапшылығы бар. Бұл мәселенің түйінін тарқату үшін 1500-ден астам түлек маман тапшылығы бар өңірлерге жіберілмек», - дейді министр.

Елжан Біртанов өңірдегі жедел медициналық қызмет көрсету станциясының жұмысына оң бағасын берді. Павлодар облысында бұл сала елімізде алғашқылардың бірі болып толық цифрландырылып, аудандық, қалалық және облыстық станциялар бір базаға бірікті. Нәтижесінде оқиға орнын жету уақыты 14 минуттан 9 минутқа қысқарды.


Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық