Елімізде 30 градустық ыстықтан кейін күн суытады

13 Мамыр 2019, 12:56
2754
Бөлісу:
Елімізде 30 градустық ыстықтан кейін күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазақстанда жылы жаздық ауа райынан кейін суытады. Бұл Солтүстік Оралдан жылжитын суық арктикалық фронттармен байланысты болады. Алдағы үш тәулікте солтүстік облыстарда, күндіз орталықта жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Шамамен 30 градустық ыстықтан кейін, күндізгі ауа температурасы +17 - +22 градусқа дейін, ал қиыр солтүстікте +8 - +13 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Ал Республиканың шығысында алдағы түнде жаңбырдың арты жабысқақ қарға ұласып, 0-5 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның қалған аймақтарында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жаууы және ауа температурасы аздап төмендеуі мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы