Бас жаңалықтар
Елімізде 3 бағытта жүретін пойыз тоқтайды
30 Маусым 2020, 19:26 79

Елімізде 3 бағытта жүретін пойыз тоқтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда үш жолаушылар пойызының жүруі уақытша тоқтатылады. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Тальго вагондарынан құралған келесі коммерциялық жолаушылар пойыздарының уақытша тоқтайтынын хабарлады:

1)     № 19/20 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Атырау" 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытында, 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап Атырау бағытында;

2)     № 95/96 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Орал" 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытында, 2020 жылдың 3 шілдесінен бастап Орал бағытында;

3)     № 701/702 "Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы-2 бағытында, 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытында.

Аталған бағыттарда билет алған азаматтар теміржол билеттерін қайта өткізіп, ақшаларын толық көлемде ала алады. Билет құнынан ақша ұсталынбайды. Бұдан бөлек, басқа ұқсас бағыттағы пойыздарға билет алуға болады. Атап айтқанда:

1. "Нұр-Сұлтан – Атырау" бағытында №47/48 пойыз

2. "Нұр-Сұлтан – Орал" бағытында

- №51/52 Алматы-Нұр-Сұлтан-Орал

"Нұр-Сұлтан – Алматы"

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздыққа байланысты жолаушылардан кешірім сұрайды, - делінген хабарламада.


Фото: дереккөз
Загрузка...