Елімізде 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

23 Шілде 2019, 07:48
1379
Бөлісу:
Елімізде 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде 3 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«23 шілдеде Балқаш, Қарағанды және Теміртау қалаларда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал»,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы