Елімізде 270 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

17 Қыркүйек 2019, 13:18
1825
Бөлісу:
Елімізде 270 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтерінесәйкес, 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 270,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Яғни жылдық жоспардың 72,6% (373 мың), оның ішінде ауылдық жерлерде 115,2 мың адам жұмыспен қамтылды. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 182,5 мыңы - тұрақты жұмыс, 88,3 мыңы - уақытша жұмыс орындары.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылған жұмыс орындарының ең көп саны көтерме-бөлшек сауда саласына тиесілі - 32 мың, құрылыста 30 мың, ауыл, орман және балық шаруашылығында - 24,8 мың. 

Жұмыс орындарының ең көп саны Алматы қаласында (33,6 мың), Алматы (27,9 мың) және Маңғыстау (22 мың) облыстарында құрылды. Ең аз мөлшері Қызылорда (8,7 мың), Батыс Қазақстан (9,8 мың) және Ақмола (9,4 мың) облыстарында құрылды.

Өзгелердің жаңалығы