Бас жаңалықтар
Елімізде 100 млн теңгенің ауыл шаруашылығы жобалары іске асуда
11 Қаңтар 2019, 10:55 258

Елімізде 100 млн теңгенің ауыл шаруашылығы жобалары іске асуда

Астана, baq.kz тілшісі. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысы жайлы баяндап берді.

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру идеясы алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына «Еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында ұсынылған болатын. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жергілікті атқарушы органдар атынан мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдар саналады және олар өңірлердің коммуналдық меншігінде орналасады. Корпорациялардың директорлар кеңесінің төрағалары – облыстардың және қалалардың әкімдері», - деді Серік Жұманғарин.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда елімізде 17 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жұмыс істейді. Олардың 75 еншілес тәуелсіз ұйымы бар. Сондай-ақ, ол «2020 жылға дейін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасы» бар екенін айтты.

«Тұжырымдамаға сәйкес, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның мақсаты – бизнес бастамаларды қолдау, өңірдің экономикалық белсенділігін дамыту және тағы басқа. Мәліметтерге сай, 2017 жылы барлық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жалпы табысы 32,7 млр теңгені құрады. Ал 2018 жылғы деректер кейін белгілі болады. Әсіресе, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар ауыл шаруашылығы саласында белсенді жұмыс атқарады. Мәселен, дәнді дақылдарды өңдеу жобасы, көкөніс қоймасы, қызылмия тамырларын өңдеу зауыты, өсімдік майын өңдеу зауыты сияқты жобалар бар. Қазіргі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар ауыл шаруашылығы саласында 100 млн теңгеден астам сомаға 29 жобаны жүзеге асырып жатыр», - деді Жұманғарин.

Атап өтсек, бүгін Мәжілісте «Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуда Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлі туралы және осы негізде жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін үзіліссіз қамтамасыз ету туралы» дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Қымбат Елтайқызы
Загрузка...

Сізден жаңалық