Еліміз Токио Олимпиадасының трансляциясын 6,25 млн долларға сатып алған

4 Тамыз 2021, 21:35
5241
Бөлісу:
Еліміз Токио Олимпиадасының трансляциясын 6,25 млн долларға сатып алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токио Олимпиадасының трансляциясын ұйымдастыруға қанша қаражат жұмсалғанын хабарлады.

2021 жылдың 23 шілдесінде Токиодағы (Жапония) XXXII жазғы Олимпиада ойындары трансляциясының лицензиялық құқығын 6 250 000 АҚШ долларына сатып алу бойынша келісімге келді, - деді министрлік өкілдері. 

Олимпиаданың трансляциясы бойынша келіссөздер 24 шілдеге дейін жалғасқан. ⠀

Ведомствоның мәліметінше, жапониялық компания көрсетілімге мүмкіндікті 15 миллион долларға сатып алуды ұсынған. Алайда 2016-2018 жылдары Қазақстан дәл осы көрсетілімді 5,1 миллион долларға сатып алған болғандықтан бас тартқан. ⠀

Ақпан айында қазақстандық тарап бағаның төмендетуін сұрап, хат жазған. Дегенмен өтініш жауапсыз қалған. Нәтижесінде Олимпиада басталуға бір күн қалғанда ортақ келісімге қол жеткізген.

Өзгелердің жаңалығы