Тоқаев: Еліміз сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық стандарттарды ұстанып отыр

2 Қазан 2019, 16:46
4805
Бөлісу:
Тоқаев: Еліміз сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық стандарттарды ұстанып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қатысушылар тараптары ассамблеясының сегізінші отырысы өтіп жатыр.

Форум жұмысына және оның жұмысына 40 елден 130-дан астам делегат келген. Отырысты ашқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Құрметті әріптестер және қонақтар!  Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық тараптары ассамблеясының сегізінші отырысына қош келдіңіздер деймін. Шын жүректен осындай беделді форумның ашылуымен құттықтаймын.  Бүгінгі таңда кез-келген елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқық қорғау органдарының тиімділігі олардың қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне, туындаған қауіп-қатерлерге пара-пар және уақтылы жауап қайтару қабілетіне тікелей байланысты.  Бұл тұрғыда халықаралық ұйым мен оқу орны мәртебесін үйлестіру жөнінен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның рөлі артып келеді.  Теория мен практиканың түйіскен тұсы, әлемдік тәжірибені талдау академияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жоғары білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді», - делінген құттықтау хатта.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының жолдауына сәйкес, Қазақстан жемқорлықпен беделді халықаралық стандарттар негізінде ымырасыз күрес саясатын жүргізіп келеді.

«2008 жылы біздің еліміз БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялады және біртіндеп жүзеге асыруда.  Стамбұлдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының ұсыныстарын іске асыруда айтарлықтай прогресске қол жеткізілді. Биылғы жылдың 27 тамызында Қазақстан президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Еуропа кеңесінің тобына қосылу туралы жарлығына қол қойылды.  Осылайша,  әлемдік қоғамдастыққа біздің еліміздің ең жоғары халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ұстанатындығын тағы бір рет көрсетеміз», - деді Қырымбек Көшербаев.  

Мемлекет хатшы, президенттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясында тұтастық мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы