Еліміз ОДМ іске асыру бойынша ұлттық шолуды әзірлейді

25 Қазан 2021, 21:43
35489
Бөлісу:
Еліміз ОДМ іске асыру бойынша ұлттық шолуды әзірлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мониторингі комитетінің екінші отырысы барысында Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров қатысушыларды Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыру жөніндегі екінші ерікті ұлттық шолуды әзірлеу бойынша алдағы жұмыстармен таныстырды.

Вице-министр хабарлағандай, 2022 жылы Қазақстан орнықты даму бойынша жоғары деңгейдегі саяси форумда Ерікті ұлттық шолуды ұсынады. Ол үшін бес басым мақсат айқындалды. Бұл «Сапалы білім», «Гендерлік теңдік», «Теңіз экожүйелерін сақтау», «Құрлық экожүйелерін сақтау» және «Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік».

ОДМ жетістігінің маңызды шарты барлық мүдделі тараптардың көзқарастарының пайда болған саясат пен шешімдерге жоғары дәрежеде интеграциялануы. Екінші ерікті шолуды дайындау Қазақстанға тағы да жұмыстарды талап ететін ОДМ-ны іске асырудың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді, - деді Қуантыров.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Сұлтановтың айтуынша, БҰҰ айқындаған бес басым ОДМ-дан басқа, әрбір елде таныстыру үшін басқа да басым мақсаттарды белгілеу мүмкіндігі бар. Ол мәселені шешу үшін жылдың басында ел Президентінің Жарлығымен бекітілген Жалпыұлттық басымдықтарды негізге алуды ұсынды. Бұл Орнықты даму мақсаттарын Қазақстанның басымдықтарымен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Екінші нұсқа ретінде елдің Ерікті ұлттық шолуын таныстыруда Орнықты дамудың басым мақсаттарын айқындау үшін барлық мүдделі тараптарды тарту ұсынылады.

Ол үшін барлық өңірлерде «Миссия-2030» іскерлік ойынын өткізу қажет. Бұл өте жақсы құрал. Ол халықтың түрлі санаты өкілдерін бір үстел басында жинап, өзекті мәселелерді бірлесіп анықтауға мүмкіндік береді, - деді Сұлтанов.

Белсенді жұмысты талап ететін индикаторларға келетін болсақ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары Бауыржан Мұқанның деректері бойынша индикаторлар бойынша статистикалық деректерді жүйелі түрде жаңартып отыру; ОДМ ұлттық индикаторларының болжамды мәндерін айқындау; ЖАО, ҮЕҰ және бизнестің жәрдемдесуімен «ешкім шетте қалмауы тиіс» қағидаты негізінде ОДМ оқшаулау жөніндегі жұмысты жандандыру; Ерікті ұлттық шолуды әзірлеуге ведомствоаралық жұмыс топтары белсенді түрде қатысуы қажет.

2020 жылы Қазақстан қаржыландыруды және елдегі ОДМ-ға бөлінетін қаражаттың жеткіліктілігін бағалау үшін қажет дамуды қаржыландыруды бағалау жұмысын аяқтады. Осыған сүйене отырып, ОДМ қаржыландыру стратегиясын әзірлеу, ОДМ қаржыландыру кезінде стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды келісу, ОДМ мониторингі мен есептілігі тетігін нығайту, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Іс-қимыл комитетін» құру арқылы ОДМ жөніндегі үйлестіру кеңесін жаңарту ұсынылады, - деді ТДМ бойынша Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар.

Сонымен қатар, Экономикалық зерттеулер институты бизнес және ҮЕҰ өкілдерінен ОДМ бойынша кеңес құру жұмысын жүргізуде. Осы жұмыстың нәтижесі – ОДМ Ұлттық баяндамасы. Ол Қазақстанда ОДМ-ға қол жеткізудің аралық нәтижелерін қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы