Еліміз бойынша метеожағдай жақсарады

22 Қаңтар 2020, 07:23
1421
Бөлісу:
Еліміз бойынша метеожағдай жақсарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  22 қаңтар күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық ахуал жағымды болады.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, бүгін еліміз бойынша ауа сапасының нашарлауы күтілмейді. Сонымен қатар Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Балқаш, Қарағанды, Тараз, Теміртау, Өскемен мен Шымкент қалаларында метеожағдай қолайлы болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы