Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасалды

5 Шілде 2019, 19:02
1722
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы тәуліктерде еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Атырау облысының кей жерлерінде түнде найзағай жарқылдайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде 40 градус ыстық болады. Кей жерлерде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында ауа температурасы күндіз 31-36 градусқа дейін ысиды.

6-8 шілде күндері күндіз Жамбыл облысында ауа температурасы 33-38°С-қа дейін жетіп аптап болады.

6 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 42°С шіліңгір ыстық болады.

6 шілдеде Қостанай қаласы мен Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады кей жерлерінде 15-20 м/с-ке жетеді.

Өзгелердің жаңалығы