Бас жаңалықтар
Еліміздің бірнеше облысындағы әскери соттар таратылды
23 Қазан 2019, 23:19 228

Еліміздің бірнеше облысындағы әскери соттар таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республика гарнизондарының бес әскери соты таратылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының, Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының, Қостанай облысы Қостанай гарнизонының, Алматы облысы Талдықорған гарнизонының және Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соттарын тарату туралы президенттің 2019 жылғы 15 қазандағы Жарлығы күшіне енді.

"Соттылығы бойынша Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты Ақтөбе гарнизонының әскери сотына, Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының және Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соттары  - Ақмола гарнизонының әскери сотына, Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты - Алматы гарнизонының әскери сотына және Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты-Семей гарнизонының әскери сотына жатқызылады" - делінген ақпаратта.


Фото: дереккөз
Загрузка...