Бас жаңалықтар
Еліміз Біріккен Араб Әмірліктеріне 22 тонна ет экспорттады
07 Сәуiр 2020, 23:59 195

Еліміз Біріккен Араб Әмірліктеріне 22 тонна ет экспорттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігімен бірлесіп БАӘ-не алғашқы экспорттық Авиаэкспресс ұйымдастырды.

Авиаэкспресспен Абу-Дабиге ҚР-да өндірілген қой еті (12 тонна) және сиыр еті (10 тонна) салқындатылған түрде жөнелтілді.

Қазақстандық ет өндірушілер Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығын игеруге тырысуда, онда біздің өнімдеріміздің экологиялық және дәмдік сапасы жоғары бағаланады. Алайда логистиканың күрделілігі, сондай-ақ ИЫҰ (Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы) елдерінің Стандарттау және метрология институты қабылдаған "халал" стандарты негізінде өнімге сәйкестікті растау рәсімдерінің ұзақтығы қазіргі уақытқа дейін араб нарығына шығуға елеулі кедергі болды.

Қазақстандық ет БАӘ-нің барлық ірі сауда желілеріне жеткізіледі: Лулу, Карфур, Юнион кооперациясы және басқалары,  ̶  деді Біріккен Араб Әмірліктерінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад Ахмад аль-Джабер.

Қазақстандық экспорттық тауарлардың алғашқы Авиаэкспрессі үшін коронавирусқа қарсы күрес бойынша елдеріміздің бірлескен күш-жігері аясында БАӘ-ден гуманитарлық көмек жүгін әкелген ұшақты пайдалану шешілді.

Сауда және интеграция министрлігі хабарлағандай, бұған дейін қазақстандық етті экспортқа тасымалдау үшін көп жағдайда тұрақты жолаушылар рейстері пайдаланылды (жүк 2-3 тонна шағын партиямен жөнелтілді).

Сауда және интеграция министрлігі сондай-ақ карго-рейс туралы шешім "жүре" қабылданғандықтан экспорттаушылардың алдында партияны барынша қысқа мерзімде ұйымдастыру бойынша қиын міндет тұрғанын түсіндірді:

Өңірлер мен қалалар карантинге жабылған және барлық жерде блок-бекеттер қойылған шартта 20 тонна өнім дайындау мен жеткізуді ұйымдастыра алдық,  ̶ деп хабарлады ҚР СИМ.

Сауда және интеграция министрлігінің басшылығына және Министр Б.Т. Сұлтановқа жүкті Алматыдан Нұр-Сұлтанға жөнелту үшін тасымалдау процесін бақылауда ұстағаны үшін үлкен рахмет. Олардың күш-жігерінің арқасында жол бойында «жасыл» дәліз қамтамасыз етілді, - деді "Оптоград" ЖШС директоры Алмат Берденов. 

Ол сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігіне "барлық қажетті рұқсаттар мен сертификаттарды жылдам ұйымдастырғаны үшін" ерекше алғысын білдірді.

Жауапты құзырлы басшылардың көмегінсіз қатаң карантин жағдайында экспорттың үлкен партиясын экспорттауды ұйымдастыру мүмкін емес болар еді, - деп түйіндеді экспорттаушы.

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов СИМ Біріккен Араб Әмірліктерінің ҚР-дағы Елшілігімен бірлесіп Қазақстандық экспорттық тауарларды БАӘ-ге апта сайынғы негізде жіберу үшін азаматтық ұшақтарды пайдалану мүмкіндігі пысықталып жатқанын хабарлады.

Келесі рейстерге дайындық кезінде карантин жағдайында жүктерді тасымалдаудан алынған тәжірибе пайдаланылатынын - қоса айтты .

Жалпы Министрліктің жоспарында отандық тауарларды әуе көлігімен тасымалдауды одан әрі дамыту бар.

Отандық экспорттаушылар тап болған белгілі бір қиындықтарға қарамастан ҚР Сауда және интеграция министрлігі барлық жерде қолдау көрсетуде. Бұл өндірушілер мен экспорттаушыларға жұмыс орындарын сақтауға, табыс алуға және тауардың кезекті партиясына тапсырыстарды орналастыруға мүмкіндік береді.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына, тауарларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесіне сәйкес барлық көлік түрлерімен тасымалдауға арналған экспорттаушылардың барлық шығындарының 50%-на дейін өтеледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізге БАӘ-ден 13 тоннаға жуық гуманитарлық көмек келген болатын. Сонымен қатар АШМ бірқатар тауырлады экспорттауға квото енгізді және астық пен ұн эспортына тыйым салған еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...