Бас жаңалықтар
Елікбаев той жасау туралы: Бұл – үлкендердің ұжымдық балабақшасы
05 Шілде 2020, 15:39 348

Елікбаев той жасау туралы: Бұл – үлкендердің ұжымдық балабақшасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біз қарттарға бірдеңе істеуіміз керек. Олар бізді мүлдем тыңдамайды, деп жазды блогер Әлішер Елікбаев өзінің facebook-тегі парақшасында. 

Біздің барлық туысымыз анамның еміне қанша ақша мен күш жұмсап жатқанымызға куә. Оның жағдайы тұрақсыз, біз оны ауруханаға әзер жатқыздық. Дегенмен қарттар көрші ауылдарға тойларға барып жүр. Әлеуметтік желіде бір қыз "статусына" той мен құдалық жасайтын кез емес екенін айтып, тіпті жаназаға баруды тыю керегін жазған. Оған бір үлкен әпкесі хабарласып, өзінің немересін тұрмысқа беріп жатқанын айтып, ата-аналар арасына іріткі салып отырғанын айтып, әлгі жазбаны, кешірім сұратып, өшіртіп тастаған. Бұл – үлкендердің ұжымдық балабақшасы, - деді Елікбаев. 

Ол атап өткендей, қоғамда кез келген әрекет "жұмыртқа тауыққа ақыл үйретпейді", "бұл - біздің дәстүр", "бармасам, ұят болады" деп қабылданады. 

Бізге әрқашан үлкендерді құрметтеуге, олардың дана сөздерін тыңдауды үйретті. Бірақ қазір олардың істеріне менің құрдастарым да шағым айтып жатыр. Олар ата-аналарынан ешқайда шықпай, мерекелерден бас тартуды талап ете алмай отыр, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...