Елге тыныштық сыйлағаныңыз үшін рақмет!

20 Наурыз 2019, 15:59
4852
Бөлісу:
Елге тыныштық сыйлағаныңыз үшін рақмет!

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенті өкілеттігін тоқтату туралы қабылдаған шешіміне қатысты пікірін білдірді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурыз күні xалқына үндеу жолдады. Еліміздің ең жоғарғы лауазымдағы қызметін атқарғанына 30 жыл толуға жақын қалған кезде Елбасымыз ҚР Президенті ретінде өкілеттілігін тоқтату жайлы шешім қабылдады», - деді Жандос Табылғанов.

Ол 30 жыл ел басқарған басшының атқарған істеріне ерекше алғысын білдірді.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз сонау қиын кезеңде жас республиканы аяққа тұрғызып, қайта құрып, діңгегін мықты қатайттыңыз. Сіздің еліміз үшін істеген еңбегіңізге, елімізде тыныштық пен бейбітшілік орнатқаңынызға алғысымыз шексіз! 30 жыл өміріңізді өзіңіздің еліңізге, xалқыңызға арнадыңыз. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы сіз болдыныз», - деп атап өтті ол.

Жандос Табылғановтың сөзінше, тосыннан келген хабар елді дүрліктірмей қоймады. Әр нәрсенің өзіндік белгілі бір уақыты бар.

«Елбасымыз еліміз тәуелсіздік алғалы бері елді басқарып келді. Көптеген жылдар ішінде біздің ұйқымыздың тыныш, таңымыздың берекелі атуына себепші болып келген жан. Халқы үшін өзінің қызметін адал атқарды. Жастарды әрдайым қай жерде болмасын, әр сөзінде айтып, олардың өсуіне, ел көріп, білім алуына үлкен үлес қосты», - деп сөзін жалғады Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы.

Сондай-ақ, ол сөзінде Қазақстанды әлем елдері танығанын, оның бірі Еxpo-2017 екенін айтып өтті.

«Әлемнің түкпір тұңғиығынан келген адамдар елімізді танып, біз туралы хабардар болды. Бұл әлемдік шара Қазақстан үшін сәтті өтті деп ойлаймын. Оның барлығы елді басқарып отырған басшыға байланысты. Қаншама жылдан бері еліміздің тыныш болғаны үшін, біз қазіргі егеменді елдің ұрпақтары бейбіт елде өмір сүргеніміз үшін алғысым шексіз. Бұл нәрсе бүгін болмаса да, күндердің бір күнінде болары анық еді. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!», - деп сөзін түйіндеді Жандос Табылғанов.

Арайлым АЛТАЙҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы