Бас жаңалықтар
Елге ПТР анықтамасыз 984 азамат келді
08 Наурыз 2021, 11:41 331

Елге ПТР анықтамасыз 984 азамат келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 7 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.


4 334 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 350 адам, анықтамасыз 984 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 588 жолаушы, анықтамамен - 2 053, анықтамасыз - 535;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 153 жолаушы, анықтамамен - 704; анықтамасыз - 449;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 315 жолаушы анықтамамен келген;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 278 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 6 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген 307 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - деді Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...