Елге коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 3 миллион дозасы жеткізілді

9 Қыркүйек 2021, 17:35
7520
Бөлісу:
Елге коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 3 миллион дозасы жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға Sinopharm (Vero Cell) вакцинасының 3 миллион дозасы келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Vero Cell Sinopharm вакцинасының (ДДСҰ мақұлдаған) 3 миллион дозасындағы кезекті партиясы Қазақстанға келіп түсті, - деп жазды Алексей Цой өзінің Facebook-парақшасында.
10 тамызда Sinopharm компаниясының бір миллион доза мөлшерінде Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы келген болатын. 
Өзгелердің жаңалығы