Елге 356 жолаушы анықтамасыз келген

4 Наурыз 2021, 10:35
1088
Бөлісу:
Елге 356 жолаушы анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 наурызда ел аумағына Германия, Ұлыбритания, Корея, БАӘ, Египет, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 302 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 946 адам, анықтамасыз 356 жолаушы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 519 жолаушы, анықтамамен - 1 484, анықтамасыз - 35;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 543 жолаушы, анықтамамен - 300; анықтамасыз - 243;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 101 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 60; анықтамасыз – 78.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2 наурызда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген барлық 246 жолаушының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсеткен.
Өзгелердің жаңалығы