Бас жаңалықтар
Елге 246 жолаушы анықтамасыз келген
03 Наурыз 2021, 11:04 823

Елге 246 жолаушы анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  2 наурызда ел аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 671 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 425 адам, анықтамасыз 246  азамат келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 2 060 жолаушы, анықтамамен - 1 825, анықтамасыз - 235;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 580 жолаушы, анықтамамен - 569; анықтамасыз - 11;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 1 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген барлық 199 адамның ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.



Фото: дереккөз
Загрузка...