Елеусіновтің жекпе-жегі кейінге қалдырылды

5 Мамыр 2019, 13:37
1788
Бөлісу:
Елеусіновтің жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) украиналық Александр Усиктің (16-0, 12 КО) андеркартында франциялық Карлос Такамаға (36-5-1, 28 КО) қарсы жекпе-жегін өткізбейтін болды. Бұл туралы  Vesti.kz хабарлады.

Бастапқыда 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Мэрилэнд штатының Оксон-Хилл қаласында жұдырықтасуы керек болатын.

Қазақстандық боксшының менеджері Зия Әлиевтің сөзінше, Елеусіновтің жекпе-жегін Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегінің андеркартына кіргізу туралы шешім қабылданды. 

"25 мамырдың орнына 8 маусымда Головкиннің кешінде жұдырықтасуды шештік. 10 раунд. Қарсыласты қарастырып жатырмыз", - деді Әлиев. 

Еске салайық, Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болады. Бұл бокс кешінде жеңілмеген қазақстандық Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) те жұдырықтасады. Оның ісін GGG Promotions компаниясы жүргізеді.


Өзгелердің жаңалығы