Бас жаңалықтар
Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтеді
24 Ақпан 2021, 04:29 196

Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн IFL TV арнасына берген сұқбатында жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі кездесуі қашан өтетінін айтып берді.

Хирннің айтуынша, ол қазақстандық боксшының келесі айқасын орта салмақта WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде мен Лиам Уильямс арасындағы кездесудің андеркартында ұйымтастырады екен.

Данияр шаршы алаңға сәуір айында оралады. Ол Андраде мен Уильямс арасындағы кездесудің андеркартында шаршы алаңға шығады. Елеусінов әлі АҚШ жерінде қатты танымал емес. Бірақ ол кез-келген қарсыласпен шығуға дайын. Біз Вирджил Ортиспен кездесу ұйымдастыруға тырыстық. Бірақ Ортис келіспеді. Енді басқа мықты қарсылас таңдаймыз, – деді Хирн. 
Данияр Елеусінов өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қараша айында өткізіп, намибиялық Джулиус Индонгоны жеңді. Бұл айқаста отандасымыз IBF Inter-Continental белбеуін ұтып алды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...