Электросамокаттан құлаған ресейлік шенеунік комаға түсті

13 Маусым 2021, 10:38
1919
Бөлісу:
Электросамокаттан құлаған ресейлік шенеунік комаға түсті

Алматы, BAQ.KZ. Ресейдің Кисловод қаласының мэрі Александр Курбатов электросамокатын теуіп жүрген жерінен құлап, ес-түссіз күйге түсті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Сенбі күні Ставрополь қаласының губернаторы Владимир Владимиров шенеуніктің электросамокаттан абайсызда құлап, қатты жарақат алғанын айтты.

Дәрігерлер оған ота жасады, қазір ол жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, - делінген Кисловод әкімшілігінің Instagram парақшасында.

фото: newstracker.ru

Өзгелердің жаңалығы