Электростансалардағы ақаулар 20 пайызға өсті
12 Мамыр, 10:50 337

Электростансалардағы ақаулар 20 пайызға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов өзінің жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық туралы сөзінде айтты. 

2021 жылы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде 5562 технологиялық ақау болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда технологиялық ақау саны 20 пайызға артты, – деді ол.   

Министр электростансаларда технологиялық бұзушылықтардың өсуі Қазақстан аумағында коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген кешенді санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге байланысты екенін жеткізді. 2020 жылы жабдықты жоспарлы жөндеу бойынша жұмыстар көлемінің төмендеуі, жеткіліксіздігі жылыту технологияларына кері әсерін тигізген. 

Биылғы жылыту маусымында электростансалардың жергілікті атқарушы органдар бекіткен жылу желілерінің жұмысының температуралық кестелерін сақтамаудың 36 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға төмен, – деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.    

Сонымен қатар министр 2021 жылы қысқы ең жоғарғы жүктеме 21 қаңтарда тіркелгенін және 15 931 мегаватты құрағанын айтты.  


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...