Электронды коммерция дәстүрлі саудадан асып түсті – сарапшы

1 Ақпан 2019, 16:00
2702
Бөлісу:
Электронды коммерция дәстүрлі саудадан асып түсті – сарапшы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір Орталық Азиямен ЕАЭО елдеріндегі шағын және орта бизнес цифрлы технологияны қолдана бастады. Алайда түгелдей цифрландыруға көшуге ұмтылып отырған жоқ. 

Бұл туралы Kubi.com бизнес алаңының басшысы Тұрат Бөлембаев Алматыдағы инновациялық форум барысында БАҚ өкілдерімен тілдесу кезінде айтты.

Оның айтуынша, Шағын және орта бизнесті дамыта түсу үшін элетронды коммерцияны нығайту керек.

«Қазір әлемнің кез келген жерінде отырып тауар мен қызмет түрін сата беруге болады. Сондықтан дүниежүзінде электронды коммерция белсенді даму үстінде, тіптен оның айналымы дәстүрлі саудадан асып түсті. Соңғы жылы әлем бойынша олардың айналымы 3 трлн долларды құраған, оның 60% үлесі бизнестер арасындағы байланыс, қалған қырық пайызы бөлшек саудаға тиесілі. Сондай-ақ оның өсім жылдамдығы жыл сайын әлемде 20% құрап отыр. Яғни, әр бес жыл сайын екі есе жоғарылап отыр. Сондықтан ШОБ-қаинтернет арқылы дамыған өте тиімді», - дейді ол.

Сонымен қатар ол, әлемдік сауданың көлеміне тоқталып өтті.

«Жақында Дубай үкіметі дүниежүзілік зерттеу жүргізді, оған жүздеген сарапшы қатысты. Соның нәтижесі бойынша әлемдік сауданың көлемі 40 трлн долларды құраған екен. Егер қазір ШОБ үшін электронды коммерцияны енгізсе мыңдаған компания өз тауарын ешқайда шықпай-ақ экспорттай алады. Бұл әлемдік сауда мөлшерін тағы 29 трлн долларға дейін көтереді», - деді ол.

Сондай-ақ ол, қазір Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріндегі шағын және орта бизнес цифрлы технологияны қолдана бастағанын, алайда түгелдей цифрландыруға көшуге ұмтылып отырмағанын, көпшілігіне бұл өте күрделі болып отырғанын жеткізді.

«Қазақстандық платформаны қазір 50 ел қолдануда, бұл дегеніңіз халықаралық көтерме сауда. Оның 10% қазақстандық компаниялар мен кәсіпорындар құрап отыр. Біздің ел ұсынып отырған тауарлардың түрі жайлы айтар болсам, азық-түлік, өндірістік тауарлар және қызмет түрлері де көп. Бұл жерде тек тауарды ғана емес, қызмет түрлерін де сата алады. Қазақстан үшін қазір қызмет түрлерін көптеп ұсынған тиімді. Біз Қытай сияқты үлкен өндіріс елі емеспіз, алайда қызмет түрлерін жақсы жолға қойып іске асыратын болсақ, шетелге де шығуға болады», - деді Т. Бөлембаев.

Әділет МҰСАХАЕВ
Өзгелердің жаңалығы