Бас жаңалықтар
Ноғаев электр энергетикасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
29 Мамыр 2020, 19:15 131

Ноғаев электр энергетикасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрі "KEGOC" АҚ электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық ұлттық компаниясының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар ол электр энергетикасы саласын дамытудың мәселелері бойынша кеңес өткізді.

"KEGOC" АҚ - орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергетика жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз ететін, энергия жүйесіндегі балансқа қолдау көрсететін, жүйелік қызметтерді көрсететін және электр энергиясы нарығының субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісімен электр энергияны беретін, оған техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалануға дайындайтын жүйелік оператор.

Нұрлан Ноғаев жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының жұмысымен танысты, сондай-ақ электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. "KEGOC" АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Қажиев Министрге Қазақстанның электр энергетикасы саласының ағымдағы жай-күйін мәлімдеді.

Жұмыс барысында "KEGOC" АҚ-тың жұмыс нәтижелері туралы, Ұлттық электр желісін күшейту жөніндегі іске асырылған және ағымдағы жобалар туралы, сондай-ақ компанияның перспективті жобалары туралы есептер тыңдалды.   

Сондай-ақ, Министрге ЖЭК секторындағы және қуат нарығында "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС-ның қызметі туралы ақпарат және электр энергетикасы нарығының осы сегменттеріне егжей-тегжейлі талдау ұсынылды.

Кеңестің қорытындысы бойынша Энергетика министрі уәкілетті тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Фото: дереккөз
Загрузка...