Елдос Жұмақанов Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

13 Шілде 2019, 06:51
1393
Бөлісу:
Елдос Жұмақанов Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан Гран-при турнирінде Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті. 66 келіде белдескен Елдос Жұмақанов күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі. 

Елдос ақтық сында моңғолиялық Ганболт Херленмен күш сынасқан болатын. Тартысты жекпе-жектің негізгі уақыты тең аяқталып, белдесу "алтын ұпайға" дейін созылды. 

Қосымша уақытта Елдос қарсыласына "иппон" ұпайымен жол берді. 

Еске сала кетейік, Елдос Сметов 60 келі салмақта Гран-при турнирінің алтын жүлдесін иеленді.

Өзгелердің жаңалығы