Елдос Cметов Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

25 Тамыз 2019, 18:26
1748
Бөлісу:
Елдос Cметов Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Olympic.kz.  

60 келіде сынға түскен екі қазақстандық спортшы қола жүлдеге таласқан болатын.  

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев арасындағы тартысты кездесудің негізгі уақыты тең аяқталды. Ал қосымша уақытта Сметов "иппон" әдісімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр. 

Бұған дейін қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының жартылай финалында белдесетінін хабарлаған болатынбыз. Ол жартылай финалда өзбек спортшысына есе жіберсе, Елдос Сметов ширек финалда жапон балуанынан ұтылды. 

Өзгелердің жаңалығы