Бас жаңалықтар
Елдос - чемпион
05 Сәуiр 2019, 22:05 803

Елдос - чемпион

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Гран-при жарысында қазақстандық Елдос Сметов 60 келіде алтын медаль алды. Ол финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевті жеңді.

Cметов финалға дейін әзербайжандық Орудж Вализадені, болгариялық Валентин Алипиевті, бразилиялық Филипе Китадаиді, ұлыбританиялық Эшли Маккензиді ұтты.

Әйелдер арасында 48 келіде Қазақстан құрамасының мүшесі Галбадрах Отгонцэцэг финалда косовалық Дистриа Красникиден жеңіліп, күміс медаль иеленді.

Елдос Сметов – 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында 60 келіде алтын жүлдеге ие болған. 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Рио олимпиадасының күміс жүлдегері.

Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанға Моңғолиядан келген. Рио олимпиадасының қола жүлдегері. 2017 және 2018 жылғы әлем чемпионатында, 2018 жылғы Азия ойындарында қола алған.

Антальядағы жарыс 7 сәуірде аяқталады.

Загрузка...