Елдос бүгін тағы да өзінің кәсіби спортшы екенін дәлелдеді – Крюков

24 Шілде 2021, 20:42
2702
Бөлісу:
Елдос бүгін тағы да өзінің кәсіби спортшы екенін дәлелдеді – Крюков

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында онлайн форматта өткен брифингте Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков айтты.

Ең алдымен барлық қазақстандықты және, әрине, Елдосты бүкіл халықтың алдында құттықтағым келеді. Бұл Токиодағы алғашқы Олимпиада медалі. Бұл медаль бізге жол ашатынына сенеміз. Елдос бүгін тағы да шебер, кәсіби спортшы екенін дәлелдеді. Ол соңына дейін күресті. Енді Елдостың жеңісінен кейін тек алға жылжи береміз, - деді ол.
Андрей Крюков жартылай финал қиын болғанын айта кетті. Оны барлығы финалдық ойын ретінде бағалаған.
Тағы да Елдос дәстүрлі жеңісін қайталай алатынын дәлелдеді. Бүгін ол елдің ең титулды дзюдошысы атанды. Дәл осындай тарихи сәт Олимпиаданың алғашқы күнінде болғанына қуаныштымын, - деп атап өтті Крюков тікелей эфирде.
Еске сала кетейік, бүгін дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Қола жүлдегері атанған Елдос Сметов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, екінші Олимпиададағы екінші медаліне қатысты ойымен бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы