Елдің басым бөлігінде тұман, екпінді жел болады

29 Қараша 2021, 08:00
873
Бөлісу:
 Елдің басым бөлігінде тұман, екпінді жел болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қарашада республиканың басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болады. 

Соған байланысты жауын-шашынсыз болады. Елдің тек қиыр батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын, көктайғақ болады. Сонымен қатар барлық өңірде тұман, екпінді жел болжанады.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Түнде күші 23-28 м/с артады.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен орталығында тұман болжанады.


Өзгелердің жаңалығы