Бас жаңалықтар
Елдің бәрін шатыстырып болдыңыздар! Нығматулин Цойға ұрысты
05 Мамыр 2021, 12:52 4138

Елдің бәрін шатыстырып болдыңыздар! Нығматулин Цойға ұрысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде вакцина салынған деп 1,4 миллион адамды емес, тек 400 мың адамды ғана айту керек. Денсаулық сақтау министрлігі осылай мәлімдеді.

4 мамырдағы жағдай бойынша 1 миллион 422 мың 204 адам вакцинаның бірінші компонентін, 347 мың 774 адам екінші компонентін алды. Дәрігер ретінде айтарым, вакцинаның екі дозасын алған адамды ғана вакцинацияланған деп санайтынын білемін. Ал бір дозасы салынған адамды да вакциналанған деп қабылдайсыз ба, - деп сұрады депутат Лариса Павловец Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан.

Ол вакцинация пандемияны жеңудің басты тетігі екенін, сәуірдің аяғында Үкімет Қазақстанға 2,3 миллион доза вакцина әкеліп, халықтың вакцинацияға қолжетімділігін қамтамасыз еткенін атап өтті.

Вакцинация жеткілікті қарқынмен жүріп жатыр. Біріншісін алған адам екіншісін де салдырады. Екеуінің арасы 21 күннен әрі кетсе 45 күн. Яғни, кез келген жағдайда біздің азаматтар екінші компонентті алады. Бірақ бірінші компонентті салдырғаннан кейін 15-күні ағзада антиденелер пайда бола бастайды. Осыны түсінуіңіз керек. Вакцина барлық өңірде бар, жеткілікті. Мысалы, кеше бір күнде 117 мың адамға вакцина салынды. Вакциналау біртіндеп қарқын алып келеді. Ең бастысы, біздің азаматтар қазір таныстарына қарап, олардың вакцина салдырып, ешқандай асқыну болмағанын байқап, белсенділік танытып жатыр, - деді Цой.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин вакцинаның екі дозасын алған адам вакцинацияланған болып саналатынына  тоқталып өтті.

Сіз тек 21 күн дедіңіз (бірінші және екінші дозалар арасында - тілші). Ал орынбасарларыңыздың біреуі ел алдына шығып, 90 күн деп айтты. Енді бүгін өзіңіз максимум 45 күн деп отырсыз. Елдің бәрін шатыстырып болдыңыздар! Алексей Владимирович, сіздің дипломыңызды қарасақ - онда  денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы деп жазылған. Сондықтан өз жұмысыңызды атқарыңыз, - деді спикер.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...