Елдегі төтенше жағдайларға министрлікке қарағанда Президент тез ден қояды – Мұхтар Құл-Мұхаммед

12 Қараша 2021, 12:19
749
Бөлісу:
Елдегі төтенше жағдайларға министрлікке қарағанда Президент тез ден қояды – Мұхтар Құл-Мұхаммед

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен Үкімет сағатында Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед елдегі төтенше жағдайларға министрлікке қарағанда Президент тез ден қоятынын айтты.

Бүгін Сенатта өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өндірістегі қауіпсіздікке қатысты баяндама жасады.

Мұхтар Құл-Мұхаммед министрдің баяндамасына өзінің пікірін білдіре кетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тарапынан сіздің министрлік (ТЖМ – ред.) үшін барлық жағдай жасалды. Дербес мәртебеге ие болдыңыздар. Бірінші жыл жұмыс істеп отырған жоқсыздар. Келесі жылға бюджетті қарап отырмын. Көптеген өтініш қолдау тапты. Өзіңіз айтқандай, биылғы жылы сәуірде заң қабылданды, – деді ол Сенатта.
Сенатор көптеген нұсқау, қауіпсіздік нормативтік актілер артта қалып отырғандығынан авариялар туындап отырғанын айтты.

Мұхтар Құл-Мұхаммед заң жобаларын әзірлеуге комитет қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізді.

Төтенше жағдайдың көпшілігіне министрлікке қарағанда Мемлекет басшысы тез ден қояды. Сол себепті осы мәселені де ескеруді сұраймыз, – деді сенатор.

Өзгелердің жаңалығы