Елдегі қай вакцина дельта штамынан жақсы қорғайды?

30 Маусым 2021, 12:42
4179
Бөлісу:
Елдегі қай вакцина дельта штамынан жақсы қорғайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, Профилактикалық медицина академиясының президенті, иммунолог Алмаз Шарман жауап берді.

Оның айтуынша, вакцина жасаудың бірнеше тәсілі бар. Қазақстанда векторлы әдіс бойынша жасалған - Спутник V вакцинасы және инактивтендірілген Sinovac, QazVac вакциналары қолданылуда.

Сарапшы аталған вакиналардың мүмкіндіктеріне тоқталды. Гамалей инситутының мәліметіне сәйкес, олар өндірген векторлы вакцина аденовирустық инфекциялармен күресуге қауқарлы. Және құты ішінде залалсыздандырылып, вирусты орта жағдайында сыналған. Сондықтан оның екі компонентін толық алу дельта штамынан тиімді қорғайды деп есептеймін.

Елімізде қолданыстағы вакцинаның тағы бір тобы инактивтендірілген тәсілмен жасалған. Олардың қатарында Sinovac және QazVac вакциналары бар.

Бұл вакциналар ауру симптомдарының жеңіл өтуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар вирустан болатын өлім-жітімнің алдын алуда тиімді. Демек бұл вакцинаны алған адамдар вирус жұқтырған күннің өзінде өздерін оның қайғылы жағдаймен аяқталуынан және ауру ағымының ауыр өтуінен қорғайды, - деп атап өтті ол.
Бұған дейін Алмаз Шарман «Екі түрлі вакцина алу иммунитетті күшейтетіні рас па?» деген сауалға жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы