Елдегі инфекцияның күнделікті өсім көрсеткіші 3-5% аралығында - Біртанов

29 Мамыр 2020, 19:27
1743
Бөлісу:
Елдегі инфекцияның күнделікті өсім көрсеткіші 3-5% аралығында - Біртанов
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны он мыңға жақындады. Инфекцияның таралуының алдын алуға бағытталған жұмыстарға қатысты бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді.

Коронавирус пандемиясы бізде ғана емес, әлем елдерінде әлі де сақталып отыр. Бұл жұқпалы індет болғандықтан, көрсеткіш күн санап артып келеді. Алайда, дерттің таралу деңгейі мен аурудан қаза болғандар көрсеткіші әр елде әр түрлі. Біздің елде инфекцияның күнделікті өсім көрсеткіші 3-5% аралығында. Кейбір өңірде көрсеткіш артқанымен, кей аймақтарда керісінше, төмен. Жалпы, елдегі жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар, - деді ол. 

Бүгін Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов 1 маусымнан бастап теміржол, автобус, автокөлік қатынастары жұмысы жолға қойылатынын айтқан болатын. Осыған қатысты министр санитарлық талаптар әлі де болса сақталатынын жеткізді.

Барлығымыз үшін экономикалық тұрақты өмір салтына қайта оралу маңызды. Алайда, азаматтарымызды бұл эпидемиядан қорғау басты мақсатымыз болып отыр. Сондықтан, эпидемияға қарсы шаралар әлі де сақталатын болады. Карантин бірнеше кезеңнен тұруы мүмкін. Ел ішінде жүруге салынған тыйым алынып тасталуы елдегі, әр өңірдегі вируспен ауыру деңгейі тұрақталғанын білдіреді. Сондықтан, халықтың ел ішінде жүріп-тұрына тыйым салудың керегі жоқ. Бірақ, өндіріс орындары, көліктердегі, қоғамдық орындардағы сақтық шаралары сақтау маңызды. Вирус ешқайда кеткен жоқ. Әрбір адам коронавируспен ауырып қалуы әбден мүмкін. Сол себепті, қазір әрбір адамның жеке гигиенасы мәселесі басты назарда болып отыр. Үйден шыққан сайын маска тағу, қоғамдық орындарға көп бармау, жеке гигиена ережелерін ұстану негізгі басымдық берілетін қағидалар болып қала бермек,- деді ол.
Өзгелердің жаңалығы