Бас жаңалықтар
Елде 16 114 шетелдік азамат жұмыс істейді
30 Қыркүйек 2021, 10:44 5775

Елде 16 114 шетелдік азамат жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  1 қыркүйектегі жағдай бойынша 16 114 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 663 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 279 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 754 адам және 651 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 914 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 853 адам тартылған, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 790 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 494 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай – 3 837 адам, Түркия – 1 965 адам, Өзбекстан – 1 949 адам, Үндістан – 1 024 адам, Ұлыбритания – 949 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.


Фото: дереккөз
Загрузка...