Elbasyonelove челленджін алматылықтар жалғастырып жатыр

6 Шілде 2020, 18:31
1717
Бөлісу:
Elbasyonelove челленджін алматылықтар жалғастырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда күніне орай Алматы қаласының танымал тұлғалары, мәдениет және спорт өкілдері мен белсенді жастары әлеуметтік желілерде #Elbasyonelove #НашПервыйПрезидент хэштегтерімен челлендж өткізуде. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Челленджге қатысушылар Елбасымен түскен фотосуреттерін жариялап, мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық пен шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, қала жастары әртүрлі саладағы жетістіктерімен бөлісіп, жастарға шабыт пен қолдау көрсеткені үшін Елбасына алғыс-тілектерін білдірді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Алматыдағы эстрада жұлдыздары Астана күніне арналған патриоттық әндерді шырқады. Сонымен қатар, белгілі дирижер, домбырашы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров "Нұрсұлтан" күйін орындады. Күйдің авторы - Арман Жүдебаев.

Бұл челленджге белгілі орындаушы Ерболат Құдайберген, танымал әншілер Тұрар Рахымберлин, Ayree, "Keshyou" тобы, дзюдо бойынша спорт шебері, Азия чемпионы Елдос Жұмақанов, коньки тебу бойынша спорт шебері, ҚР чемпионы, ҚР Кубогының, Әлем кубогының жүлдегері Анвар Мухамадеев, каратэден спорт шебері, Азиялық ойындардың күміс жүлдегері Дидар Әмірәлі, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, екі дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай, бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиадалық ойындар жүлдегері Дариға Шәкімова және т.б. қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы