Елбасының жауапты көшбасшылық феномені талқыланды

2 Шілде 2020, 11:47
1564
Бөлісу:
Елбасының жауапты көшбасшылық феномені талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының  ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция" атты халықаралық конференция өтті.

Форумға ғылыми-талдау орталықтарының басшылары мен жетекші сарапшылары, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ректорлары, аймақтық халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ, беделді шетелдік сарапшылар қатысты.

Халықаралық конференция барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тарихи рөлі және оның саяси көрегендігі; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жауапты көшбасшылық феномені және оның Ұлт Көшбасшысы - Елбасына трансформациялануы; саясаттың, тарихи дәстүрлер мен саяси мәдениеттің сабақтастығын қалыптастыру тұрғысындағы Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасының маңыздылығы, қазіргі кезеңдегі Елбасының қызметі талқыланды.

Конференция қатысушылары Назарбаевтың жауапты көшбасшылық феноменін, еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы бағасыз үлесін түйсінуде, оның Қазақстанның жаңа тарихындағы аса маңызды рөлін, оның тұлғасының орасан зор ауқымын, ерекше қасиеттері мен Отанға және халқына қызмет ету құбылысын түсінуге септігін тигізетіні туралы ортақ пікірге келді.

Өзгелердің жаңалығы