Бас жаңалықтар

Елбасы жарлығымен Зеленов ауданының атауы Бәйтерек деп өзгертілді

Астана, baq.kz. Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы қаулысы шықты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 1. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталсын.

 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

   

Қазақстан Республикасының

 

     Президенті                                                                               Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28 желтоқсан

 

                             № 820

Сізден жаңалық