Елбасы жаңа мемлекетті қалыптастырды – Нығматулин

21 Маусым 2019, 16:12
1175
Бөлісу:
Елбасы жаңа мемлекетті қалыптастырды – Нығматулин

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткізгенін айтты. 

«Осы тарихи сәтте – Елбасымыз оң шешімдер қабылдап, халықтың өмірін өзгертуде маңызды қадамдар жасады. Нұрсұлтан Әбішұлы - жаңа мемлекетті ғана емес, сонымен бірге, қазақстандықтарды - жаңа біртұтас ұлт етіп қалыптастырды. Сондықтан, бүгінгі гүлденген Қазақстан – ол Елбасының еңбегінің нәтижесі. Ол Елбасының еңбегінің – жеңісі мен жемісі», - деді Мәжіліс төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы