Бас жаңалықтар
Елбасы Өзбекстан Республикасының президентімен кездесті
15 Қазан 2019, 22:14 279

Елбасы Өзбекстан Республикасының президентімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен қол жеткізілген Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелеріне тоқталды.

"Қазақстан мен Өзбекстан өте жақын және маңызды серіктес. Өзара тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұған дейін мұндай көрсеткіштер болған емес. Бұл жақсы перспективаларға жол ашып отыр", – деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі елдің табысты ынтымақтастығына көбіне Қазақстанның Тұңғыш президентінің салиқалы саясатының арқасында қол жеткізілгенін айтты.

Сондай-ақ, Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында өтіп жатқан іс-шаралардың орындалу барысына тоқталды.


Фото: дереккөз
Загрузка...