Елбасы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

26 Ақпан 2021, 18:55
1154
Бөлісу:
Елбасы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Еlbasy.kz сайты хабарлады. 

Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор денсаулық пен бауырлас Түркия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. 

Түркия Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, оның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) құрметті төрағасы ретіндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. 

Соңында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастардың даму қарқынына жоғары баға берді.

Өзгелердің жаңалығы