Елбасы құттықтауларға алғысын білдірді

22 Шілде 2019, 17:28
1981
Бөлісу:
Елбасы құттықтауларға алғысын білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана күніне және туған күніне орай келіп түскен хаттар мен жеделхаттарға алғысын білдірді. Бұл туралы elbasy.kz сайтында хабарланды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен, дипломатиялық корпус және зиялы қауым өкілдерінен, діни бірлестіктердің көшбасшыларынан, мемлекеттік органдар мен коммерциялық кәсіпорындардың басшыларынан, сондай-ақ көптеген қазақстандықтар мен шетел азаматтарынан кең ауқымды хаттар келіп түскен.

«Шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің жеделхаттарында Елбасының одақтастық және стратегиялық серіктестік қатынастарды дамыту ісіне сіңірген еңбегі, сондай-ақ бүкіл құрлықта тату көршілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі ерекше атап көрсетіледі. Мұндай жеделхаттар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннен, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтен, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтен, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукошенкодан, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтен, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтен, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисяннан, Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтен, Молдова Республикасының Президенті Игорь Додоннан, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннан, Ресей Федерациясының Премьер-министрі Дмитрий Медведевтен, Армения Премьер-министрі Никол Пашиняннан келді», - деп жазылған аталған сайтта.

Шет мемлекеттердің президенттері мен үкімет басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оның Елорданы және бүкіл Қазақстанды қарқынды дамыту ісіндегі баға жетпес рөліне тоқталған.

Нұрсұлтан Назарбаев өз атына келіп түскен хаттармен танысып шығып, барлық авторға жылы лебіздері мен құттықтаулары үшін ризашылығын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы