Елбасы Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты

2 Тамыз 2020, 20:02
1610
Бөлісу:
Елбасы Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің өмірдегі әрбір қадамы мен атқарған істері өзінің есіміне сай, жан-жағына тек жақсылық пен ізгіліктің шуағын шашып жүретін, халқымыздың шынайы мақтанышына айналған ұлы перзенттерінің бірі болғанын атап өтті. 

Ол грек-рим күресі бойынша қазаққа алғашқы болып әлемнің ең басты атағын сыйлады. Кәсіпкерлікпен де табысты айналысып, ел экономикасының өркендеуіне лайықты үлесін қоса білді. Қайырымдылық іс-шараларға белсене атсалысып, кәсіпкерлік тәжірибесін өзгелермен бөлісіп, жақсы үлгі мен өнеге көрсетті. Мен онымен өткізген кездесулерімді әркез ризашылықпен еске аламын. Отандастарымыз да оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін, - делінген жеделхатта. 

Еске салайық, бүгін Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды.


Өзгелердің жаңалығы