Елбасы шенеуніктерге: Халықпен кездесіп, оларды тыңдаңыздар

21 Тамыз 2019, 12:49
2679
Бөлісу:
Елбасы шенеуніктерге: Халықпен кездесіп, оларды тыңдаңыздар
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. 

Жиында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелеріне, мемлекеттік қызметкерлерге халыққа жақын болу керек деді.

«Егер кішкентай мәселелерді жедел түрде шешетін болсақ, жақсы болар еді. Ал біз керемет шенеунікпіз, бізге ұсақ-түйекпен айналысып қажет емес. Бізге ауқымды нәрсе керек боп тұрады. Жоқ. Адамдар өмірінде сол ең кішкентай мәселені қажет етеді. Ішетін суы жоқ. Бұл әкімдерге жұмыс емес пе? Бұл адамның өміріндегі ең басты мәселе. Егер ауылда жол болмаса, бұл оның өмірі, ал біз үшін ұсақ-түйек міндет. Біз ғаламдық мәселені қозғап, қолдарымызды сермейміз. Сондықтан адамдарға жақын болу керек. Партияның қоғамдық қабылдау бөлімдері жұмыс істеуі тиіс. Азаматтармен тұрақты түрде байланыс орнату қажет. Мемлекеттік орган басшылары, премьер-министр, министрлер, барлық деңгейдегі әкімдер азаматтармен кездесіп, оларды тыңдауы керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін Елбасы бүгінгі күні бүкіл әлемде саяси партиялар жаңа міндеттерге тап болып отырғанын және сайлаудың барлығы конституциялық мерзімде өтетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы